31 қазаннан бастап Өскемен-1-Зырян бағытындағы пойыз жаңартылған кесте бойынша жүреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері пойыз Өскемен-1 станциясынан сағат 23.20-да шығып, межелі орынға таңертең 6.00-де жетеді. Жолдағы жалпы уақыт 7 сағаттан асады.
Ал бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Зырян қаласынан пойыз таңғы 7.30-жа шығып, 14.00-де Өскеменге жетіп қояды.
Қыс мезгілінде бұл бағыт бойынша үш вагон жүреді.
Өскемен-1-Риддер бағытындағы пойыздың жүру кестесі өзгеріссіз қалды.
Азаматтарды қабылдау кестесі