Контакт центр
WhatsApp
E-mail
Instagram
Telegram
Telegram

Обращение № 263351

Тема обращения
ЖКХ, бытовое обслуживание населения
Дата запроса
2020-10-26 18:11:39
Текст обращения

Сәлеметсіздер ме! Мен - Үлбі ауданының тұрғынымын. Былтыр қала әкімдігі көшелерді жарықтандырып, жолдарды жөндеу туралы 2020 жылғы жоспарда барын айтқан. Столбтар жаңартылып, көшемізге жарық қосылды. Өте ризамыз, көшелер көрініп, жаяу адамға да, көлік мінгендерге де ыңғайлы болды. Келесі мәселе - жолды тастақ етіп берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Әсіресе, жауын-қар маусымы кезінде сары батпақ езіліп, жүруге келмей қалады. Бұлақ мәселесін көшенің жарты тұрғындары өздері шешті: жол шетінен арық қазып, бұлақты солай қарай бұрдық. Үлбі кентіне жалғасқан Энтузиастов көшесіне ескі асфальт қалдықтары төселген сияқты қалған ұсақ көшелерге төселіп, немесе гравий төгілсе, жүру әлдеқайда оңайға түсер еді. Осы мәселені шешіп берсеңіздер дейміз. Алдын ала алғыс білдіреміз!

Ответ на обращение

Ж.К. Кабылбекованың Үлбі ауданындағы жолдарды жөндеу жұмыстарына қатысты өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймын. «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «ТС-Индустрия» ЖШС арасында «ШҚО, Өскемен қаласының Үлбі ауданындағы жолдарды қайта жаңартуға» ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалған. ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Жұмыстар бюджеттік қаражаттар бөлінген жағдайда жүргізілетін болады. Орындаған: Тастемір Б. 264050