Н.М. Оспановаға Ауданы 10 сотық, 28-ші тұрғын ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы 21.12.2020 жылғы өтінішті қарап, хабарлаймын. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, сондай-ақ ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі. Өтініш беруші өтінішті «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне берген, қала шегінде орналасқан жер учаскесі бойынша «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне беру қажет. «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы М. Сагатов Орын Ю.Глазовская Тел. 578496
{{text}}
Приложение Digital East для {{os}}